Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Хиросимада өтіп жатқан WTA турнирінің бірінші айналымында жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы сеттің қоытындысы бойынша қазақстандық теннисші 2:6 есебімен жеңіліп жатқан. Бірақ, жарақатына байланысты Юлия кездесуді әрі қарай жалғастыра алмады. Келесі кезеңге қарсыласы жолдама алды.