Ұлттар Лигасындағы Қазақстанның қарсыласы Латвия құрамасының бас бапкері Миксу Паателайнен топтың басты фаворитін атады.

- Грузия құрамасының сапында шебер футболшылар өнер көрсетеді. Команда шабуылдағанды ұнатады. Қазақстанға қарсы керемет ойын өткізді. Меніңше, Грузия біздің топтың ең мықты құрамасы. Оларға қарсы матчта ұпай алу қиынға соғары анық, - деді бапкер Грузияға қарсы ойын алдында.

Айта кетейік, D Лигасының бірінші тобында Қазақстаннан бөлек Грузия, Андорра және Латвия құрамалары жолдамаға таласады.