«Астана» командасының жанкүйерлері тамыз айының үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады, деп жазады prosports.kz.

Жанкүйерлер өткен айда өте керемет өнерімен көзге түсіп, команданың Еуропа лигасы топтық кезеңіне өтуіне көп үлес қосқан қақпашы Ненад Эричті айдың үздік ойыншысы деп таныды.

Тамыз айындағы «Астананың» ТОП-5 үздік ойыншылары:

1. Ненад Эрич 74,87%

2. Ласло Кляйнхайслер 7,45%

3. Педро Энрике 4,96%

4. Марин Томасов 4,27%

5. Дмитрий Шомко 3,4%

Дауыс беруге 7 594 адам қатысты.