«Томирис» әйелдер хоккей командасы Первомайск қаласында (Челябинск облысы) өткен турнирде топ жарды, деп хабарлайды prosports.kz «Барыс» клубының ресми сайтына сілтеме жасап.

Финалдық ойын күні «Томирис» командасы «С.Макаров атындағы хоккей мектебін» 4:1 есебімен жеңді. Анастасия Оразбаева мен Арай Шегебаева екі шайбадан соқты. Осылайша, «Томирис» барлық төрт матчты жеңіп, бірінші орынға табан тіреді.