Жастар арасында Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Молдова U21 - Сан-Марино U21 матчында қазақстандық төрешілер тобы қызмет атқарады, деп хабарлады Prosports.kz.

Ойын 10 қыркүйек Молдованың Орхей қаласында өтеді.

Аталған матчтың жоғары деңгейде өтуін Данияр Сахи бастаған қазақстандық төрешілер қадағалайды. Оған қос қапталда Айдын Тасыбаев пен Сергей Васютин көмектеседі. Ал қосалқы арбитр - Арман Исмуратов.