Ресейлік фигурист Александра Трусова әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау тарихында алғаш рет төрттік лутц трюгін орындады.

14 жастағы қыз бір секіріспен мәнерлеп сырғанау тарихына кірді

Жас әрі дарынды спортшының видеосы YouTube-тегі ISU Junior Grand Prix арнасында жарияланды.

Техникалық элементті орындаған Трусоваға әділ-қазылар алқасы әртүрлі баға бергенімен, спортшы ерікті бағдарлама үшін 146,7 ұпай алды. Бұл көрсеткіш 14 жастағы қызға Каунаста өткен жарыста жеңіске жетуге көмектесті.

6 қыркүйек күні ол қысқа бағдарлама үшін 74,74 ұпай алған болатын. Бұл әлем рекордын жаңартты.