Ұлттар Лигасы аясында Беларусь ұлттық құрамасы Сан-Марино футболшыларын еш қиындықсыз жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Минскідегі «Динамо» стадионында өткен матч 5:0 есебімен аяқталды.

Гол соққан ойыншылар тізімі: Игорь Стасевич, Станислав Драгун (дубль), Антон Сарока және Юрий Ковалев.

«Астана» ойыншысы Иван Маевский алаңда 90 минут бойы өнер көрсетіп, өз құрамасының жеңіске жетуіне үлкен үлес қосты.