Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта» көпкүндігінің он екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шабандоздар Систьернадан Лес Праэрасқа дейінгі 171 шақырым жолды жүріп өтті.

Бұл кезеңде «Mitchelton–Scott» командасының британиялық шабандозы Саймон Йейтс жеңімпаз атанды. Ал екінші орынды «Астананың» колумбиялық велошабандозы Мигель Анхель Лопес иеленді. Үшінші болып мәре сызығын кескен - испаниялық Алехандро Вальверде («Bahrain–Merida»).

Осы кезеңнен кейін Мигель Лопес жалпы есепте 4-орынға жайғасты. Ол көшбасшы Саймон Йейтстен 47 секунд қалып келеді.