WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері қазақстандық Фируза Шарипова (8-1, 4 КО) мен ресейлік Юлия Куценко салмақтарын өлшеді.

Бұл туралы Prosports.kz боксшының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып мәлімдейді.

Екі боксшы да 61,2 кг салмақ дәрежесін көрсетті.

Бокс кеші бүгін Санкт-Петербургте «А2» аренасында өтеді. Астана уақытымен 22:00-де «Хабар» телеарнасында тікелей трансляцияда көре аласыз.