Өскеменде семсерлесуден 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Ел біріншілігі Азия және әлем чемпионаттарына іріктеу мақсатында өткізілуде.

Чемпионатта жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар команда қатарына алынып, әлемдік сында ел намысын қорғайтын болады.

Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша, саблядан бірінші орынды Б.Құралбекұлы, екінші орынды А. Саркисян, үшінші орынды У. Ахматов пен Н. Саттархан иеленді.