Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Словения футболшыларымен кездеседі.

Ойын бүгін Астана қаласында өтеді. Басталуы жергілікті уақытпен 19:00-де. Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Кездесуде норвегиялық қазылар төрелік етеді. Бас төреші Кай Эрик Стеенге отандастары Ян-Эрик Энган, Йон-Михаэль Кнутсен көмектеседі.