«Зенит» командасының жаңа ойыншысы Клаудио Маркизио қазақстандық «Қайратпен» өтетін жолдастық кездесу алдында ресми таныстырылады, деп хабарлайды prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Италиялық ойыншы «Зенитке» қыркүйектің 3-інде ауысып келді. Ол енді алдағы екі жылда жаңа командасы сапында 10-шы нөмірмен өнер көрсететін болады.

Футболшыны таныстыру рәсімі «Қайратпен» жолдастық матч басталар алында болады. Кездесу 9 қыркүйекте «Санкт-Петербург» стадионында өтеді. Тұсаукесер 20:40-да басталады.

«Зенит» - «Қайрат» матчының басталуы - сағат 21:00-де.