Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта» көпкүндігінің он екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шабандоздар Мондоньедодан Маньонға дейінгі 177,5 шақырым жолды жүріп өтті.

Бұл кезеңде «AG2R La Mondiale» командасының франциялық шабандозы Александр Женье жеңімпаз атанды.

Ал «Астана» сапынан үздік нәтижені Мигель Анхель Лопес көрсетті. Ол мәре сызыған 38-ші болып кесті.