Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында марокколық «Раджа» клубын  2:0 есебімен ұтқан мюнхендік «Бавария» кубокты көкке көтерді. Неміс командасынан Бонфим Данте мен Тьяго Алькантара аттарына бір голдан жазып көзге түсті. Чемпиондар лигасының жеңімпазы бар мәселені алғашқы таймда шешіп тастаған. Екінші кезеңде мороккалықтар «Бавария» қақпасына гол соға жаздаған. Дегенмен Мануэль Нойер командасын құтқарып қалды.