Алматылық «Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы Тимур Рудосельский алдағы уақытта Израиль чемпионатында өнер көрсететін болады.

23 жастағы қорғаушы «Қайраттың» клубының түлегі. Алматылық команда сапында 61 ойын өткізген. Өткен маусымда жарақатының салдарынан ұзақ уақыт алаңға шыға алмаған. Артынша талдықорғандық «Жетісу» командасына жалға берілді. Енді ол Петах-Тиква қаласының «Хапоэль» командасында ойнайтын болады.

Айта кетейік, 23 жастағы футболшы Қазақстан жастар құрамасының сапында 17 матч өткізген.