«Қайрат» футбол клубы Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

«Қайрат» ФК Белек қаласындағы ОЖЖ-да жаңа маусымға дайындалып «Қайсар», «Тараз» командаларымен жолдастық кездесу өткізді. 

Алматылық клуб келесі ОЖЖ-ны алдағы жылдың қаңтар айында Абу-Даби қаласында өткізеді. Бұған қоса алматылықтар бірқатар ТМД мен Еуропаның мықты ұжымдарымен жолдастық матчтар ойнады.