Шаңғы тебуден Италияның Азиаго қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Алексей Полторанин ақтық сайыста екінші орын алды. 

Жерлесіміз жеңімпаз атанған ресейлік Никита Крюковтен 0,14 секундқа жеңіліп қалды. Қола жүлдені Швейцариялық Джанлука Колонья иеленді.