«Барыстың» жаңа капитаны боп Брэндон Боченски тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz

36 жастағы форвард аталмыш клубты 2014/15, 2015/16 және 2016/17 маусымдарда басқарған болатын.

Боченски «Барыс» үшін 2010-2017 жылдар аралығында ойнаған болатын. 2015 жылдан бастап Брэндон Қазақстанның ұлттық құрамасы үшін ойнады.

«Барыс» клубы 5 қыркүйекте Нижнекамскіде «Нефтехимикпен» кездеседі. Ойын Астана уақытымен 22.00-де басталады.