«Астана» жартылай қорғаушысы Педро Энрике Қазақстан Чемпиондарына Еуропа Лигасының топтық кезеңінде қарсылас атанған франциялық «Ренн» сапында өнер көрсеткен.

28 жастағы бразилиялық жеребе тарту рәсімі және «Реннға» қарсы кездесу туралы елодалық клубтың баспасөз қызметіне өз пікірімен бөлісті:

- Біз «Динамо Киев», «Ренн» және «Яблонец» командаларымен бірге өте қиын топқа түстік. «Яблонец» Чехия Лигасында соңғы маусымды өте жақсы өткізді. Бізді алда өте қиын ойындар күтіп тұр. Дегенмен, біз әр ойынға жеңіс үшін алаңға шығатын боламыз.

- Сіз «Ренн» сапында өнер көрсеттіңіз. Дәл осы командаға қарсы кездесу Сіз үшін айрықша бола ма?

- Мен «Ренн» сапында үш маусым өткіздім. Бұл менің еңбек жолымдағы маңызы өте жоғары клубтың бірі. Себебі, бұл команда маған Еуропаның ең мықты чемпионаттарының бірінде өз бағымды сынап көруге мүмкіндік берді. Мен бұл клуб сапында көп ойын өткіздім, тіпті менің қызым да Ренн қаласында дүниеге келді. Сондықтан, бұл қаланың менің өмірімдегі маңызы өте жоғары. Мен франциялық командаға қарсы кездесуде жақсы ойын көрсетуге үміттімін. Әрине, бұл ойындар мен үшін ерекше болары сөзсіз.