Мексикалық боксшысы Сауль Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жектен 12 күн бұрын Twitter-дегі жеке парақшасында өзінің шымыр денесін көрсетіп, дайындығының деңгейін аңғартты, деп жазады prosports.kz.

Жарияланған видеодан «Канелоның» қарымта жекпе-жекке шындап дайындалып жатқанын байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.