«Жетісудің» бас бапкері Омари Тетрадзе «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісімен әңгіме барысында «Рубинге» кетпейтінін айтты.- Омари Михайлович, сіз «Рубин» командасына көшуіңіз мүмкін деген сыбыстар жиі естілуде. Қазаннан сізге хабарласты ма?- Жоқ. Ешкім хабарласқан жоқ.- Бұндай ұсыныс келсе, кетесіз бе?- Менде «Жетісумен» келісімшартым бар. Осында жақсы команда жасақтап, үлкен жеңістерге жеткізгім келеді. Бұған қоса маған ешкім хабарласқан жоқ.