Алматылық «Қайрат» клубының орталық қорғаушысы Шелдон Бато Тринидад және Тобаго Ұлттық құрамасына шақырту алды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Деннис Лоуренс алдағы жолдастық кездесулерге шақырту алған футболшылардың тізімін жариялады. Біріккен Араб Әмірлігіне қарсы ойынға «Қайрат» клубының орталық қорғаушысы Шелдон Бато да шақырту алды.

Жолдастық ойын 6-шы қыркүйек күні Испанияда өтеді.