Трентино қаласындағы қысқы Универсиадада хоккейден Қазақстан құрамасы жартылай финалда АҚШ командасын 5:1 есебімен жеңді.

Алғашқы шайбаны Александр Шин қарсыластар қақпасына соқты, ал екінші кезеңде Евгений Рымарев есепті ұлғайтты. Үшінші периодта Рымарев есепті 3:1-ге жеткізді, дегенмен Шон Мерфи есепті қысқартуға тырысқанымен Александр Липин мен Никита Ковзалов соққан шайбалар американдықтардың үмітін үзді.

Жарыстың ақтық кездесуінде жерлестеріміз Канада құрамасымен сынға түседі, аталған кездесі бүгін өтеді.