Мәскеулік «Спартактың» бұрынғы спорттық директоры Сергей Шавло «Рубиннен» кеткен Құрбан Бердыев Қазақстан Ұлттық құрамасына баруы мүмкін деді.

«Меніңше, Құрбан тез арада жақсы жұмыс табады, оның мықты бапкер екенін барша ел біледі. Мысалы Түркменстан құрамасы оған қызығып отыр, Қазақстанның футбол федерациясымен де қарым қатынасы жақсы», — деді Шавло «Газета.Ru» басылымына.