«Астана» Қазақстан чемпионатының алдағы маусымы алдында өз қатарына шабуылшы Федор Полищукті қосты.

Полищук Қазақстан құрамасы сапында 11 әлем чемпионаты мен Турин Олимпиадасына қатысқан. Ол ҚХЛ мен Суперлигада 600-ден астам матч өткізді.

Бұған дейін новокузнецкілік «Металлург», астаналық «Барыс», питерлік СКА мен өскемендік «Торпедо» намысын қорғады.