Бүгін Францияда Grand Prix de Fourmies біркүндік турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде Bora-Hansgrohe командасының германиялық шабандозы Паскаль Акерманн жеңімпаз атанды. Франциялық Арно Демара (Groupama-FDJ) екінші, колумбиялық Альваро Одег (Quick-Step Floors) үшінші болып келді.

Ал «Астана» сапынан үздік нәтижені Рикардо Минали көрсетті. Ол мәре сызыған 9-шы болып кесті.