Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Голландия чемпионатында өнер көрсететін Александр Меркельді Ұлттық құрамаға неге шақырылмай жүргенін айтты.

- Менің біліумше, Александрда Қазақстан мен Германияның азаматтығы бар. Алайда ол Голландия біріншілігінде неміс ойыншысы ретінде тіркелген себепті, оны шақырмаймыз, - деп қысқа қайырды Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Александр Меркель 2015 жылы Қазақстан азаматтығын алып, 6 қыркүйек күні 2016 жылғы Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында өткен Исландияға қарсы кездесуде алаңға шыққан болатын.