Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің Сауль Альвареспен рематчқа қалай дайындалып жатқанын айтты.

«Головкин Канелоға қарсы алғашқы жекпе-жекте нокаут іздемей, нашар өнер көрсеткенін түсінгенін қалаймын. Оны ашуландырғым келеді, жаттығуда сол белгіге дейін жетсе деймін. Онда үлкен өзгерістер байқап жүрмін: кенеттен ол Халк сияқты болып кетті – жап-жасыл және алдындағысының бәрін жоқ қылуға дайын», - деді Санчес.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы рематч 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.