Волейболдан Қазақстан әйелдер командасы Азиаданың бесінші орны үшін матч өткізді.

Біздің құрамаға Вьетнам командасы қарсы тұрған. Кездесу қазақстандық волейболшылардың жеңісімен аяқталды – 3:1.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы турнирді бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, алтын медаль үшін Қытай мен Таиланд командалары кездеседі.