Кеше «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының құрамына кіретін «Астана» футбол клубының қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында «Астана» футбол клубының жаңа президенті болып Қайсар Бекенов тағайындалды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Қайсар Бекенов клуб үшін бейтаныс адам емес, ол бұрын клубтың атқарушы директоры болған, Қазақстанның футбол Федерациясында жұмыс істеген.2011 – 2012 жылдар аралығында MBA-ның Football Industry бағдарламасымен Англияның Ливерпуль қаласында, 2013 жылы Италия футбол федерациясының техникалық орталығы Коверчано қаласында халықаралық футбол менеджменті бағдарламасымен оқыған.Клубтың жаңа президентін «Астана» ПКСК бас директоры Б.Артаев аяқдопшыларға және клубтың жаттықтырушылар штабына таныстырды.