Гір көтеруден әлемнің бес дүркін жеңімпазы, Азия мен Еуропа чемпионы Татьяна Потемкина Ирландияда өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты.

Артынша, жерлесіміз Нью-Джерсидегі халықаралық турнирде салмағы 24 келі гір тасын жұлқып көтеруде әлемдік рекорд орнатты – ол 10 минутта гір тасын 170 рет көтеріп, бірінші орынды иеленді.

АҚШ-та Потемкинаға американдық нормативтер бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына тиесілі норманы артығымен орындағаны жөніндегі сертификат табысталды.