Премьер-лига клубтарының бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізген Қазақстан футбол федерациясы жылдың үздік футболшысын анықтады. Бұл туралы pfl.kz сайты хабарлап отыр.

2012/2013 жылғы ел премьер-лигасының үздік футболшысы болып«Шахтер» капитаны Андрей Финонченко танылды. Осыған дейін 31 жастағы шабуылшы жылдың үздік шабуылшысы атағын да иеленген болатын. Ел премьер-лигасы мен еурокубоктық бәсекелерде өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы бұл маусымда «кеншілер» сапында 40 кездесу өткізіп, 11 рет қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін премьер-лигадағы клубтардың бас бапкерлері дауысы бойынша жылдың үздік қақпашысы болып Андрей Сидельников, үздік жартылай қорғаушы болып Рохер Каньяс танылған-ды. Ал үздік қорғаушы Никола Василевич болса, үздік легионер атағынТимур Кападзе иеленген-ді. Ал маусымның ең жас үздік футболшысы марапатын "Астана" командасының қорғаушысы Абзал Бейсебековиеленді.