Велотректен Қазақстан командасы мэдисон бағдарламасы бойынша Азия ойындарында төртінші орын иеленді деп хабарлайды Olympic.kz

Финалда жалпы есебі 12 команда бақ сынағанымен, олардың тоғызы ғана мәреге жетті.

Сұлтанмұрат Мірәлиев пен Асылхан Тұрар бастаған Қазақстан командасы 13 ұпаймен жарысты үздік төрттікте аяқтады.

Бұл сында Гонконг командасы жеңіске жетті. Күміс пен қола медальды Корея және Жапония спортшылары өзара бөлісті.

Бүгін кейрин бағдарламасы бойынша финалдық кезең өтіп, қазақстандық Павел Воржев пен Сергей Пономарев алғашқы ондықтан сырт қалды.