Елордалық «Астананың» УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астаналық клуб жеребе тарту барысында екінші себетте болған. «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңінде К тобында ойнайтын болды.

Бұл квартетте ол киевтік «Динамо», франциялық «Ренн» және чехиялық «Яблонецпен» ойнайды.