Венгрия астанасы Будапешт қаласында 20 тамыз күні басталған бокстан жастар арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz.

Бүгін өткен финалдық кездесуде 75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын боксшымыз Нұрбек Оралбай ресейлік қарсыласын жеңіп, жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, Нұрбек жартылай финалда өзбекстандық боксшы Н.Тамазовты жеңген болатын.