Регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының алғашқы матчында Таиландпен кездесіп, 20:5 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық команда Жапония, Таиланд және Индонезиямен бір топта ойнайды.

Енді қазақстандық регбишілер келесі матчын жапон құрамасына қарсы өткізеді.