Биіктікке секіруден Қазақстан командасының мүшесі Надежда Дубовицкая Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ол биіктікке секіру сайысында үздік үштікке енді. Дубовицкая өзінің жеңіске деген жігерінің арқасында қола жүлдеге қол жеткізгенін айту керек.

Алтын және күміс жүлдегер атанған өзбекстандық атлеттерден басқасы 1.84 метрді бағындыра алған жоқ.

Ал бірінші және екінші мүмкіндігінде мүлт кеткен Надежда соңғы сәтте бар күшін жиып, қола жүлдегер атанды.

Азиаданың чемпионы атағын өзбекстандық Светлана Радвизил, ал күміс жүлдені Надия Дусанова жеңіп алды.