66 келіде сынға түскен дзюдошы Елдос Жұмақанов Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Қола медаль үшін күресте қатарлық балуанмен жолыққан Жұмақанов "иппон" әдісімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Азия ойындарының жартылай финалында жерлесіміз жапондық спортшыға есе жіберген еді.

Осылайша, дзюдодан жеңіп алған жүлдедер саны екеуге жетті. 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг те қола жүлдегер атанған болатын.

ФОТО: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі