Қазақстандық Михаил Кукушкин АҚШ ашық чемпионатының 1/32 финалына жолдама алды.

Ол америкалық Ной Рубинді төрт сетте жеңді – 6:3, 6:1, 4:6, 7:6.

Енді екінші айналымда қазақстандық теннисші Ричардас Беранкис (Литва) - Чон Хен (Оңтүстік Корея) жұбының жеңімпазымен кездеседі.