Италияның Торентино қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада Қазақстанның студенттік құрамасы жартылай финалға шықты.

Бүгін олардың қарсыластары анықталды. Италияны 5:0 есебімен жеңген АҚШ құрамасы қазақстандық хоккейшілермен кездесетін болды.

Айта кетейік, топтық кезеңде хоккейшілеріміз Украина, Жапония мен Канада құрамаларын жеңіп, ширек финалда Латвияны 6:1 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Бұл ойында Александр Шин, Никита Ковзалов, Александр Зубков, Константин Савенков, Леонид Метальников сынды «Қазцинк-Торпедоның» ойыншылары шайба соғып, көзге түсті. Ал Евгений Рымарев матчтың үздік хоккейшісі атанды. Ол бір шайбамен бірге үш нәтижелі пас бере білді.

Енді, жартылай финалда Қазақстанның студенттік құрамасы АҚШ хоккейшілерімен кездеседі.