Қазақстан құрамасы футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды.

Алматыдағы әлемдік доданың ақтық сынында қазақстандықтар Ресей студенттерімен кездескен.

Өкінішке қарай, финалда Қазақстан қарсыласына 2:4 есебімен жол берді. Ресей сапынан Сергей Орлов дубль жасаса, Антон Соколов пен Янар Асадов бір голдан соғып шықты. Ал Қазақстан құрамынан Агедиль Мадияров пен Асылжан Алин қанжығаларын майлады.

Осылайша, Ресей құрамасы бесінші рет студенттік әлем чемпионатында топ жарып отыр. Ал Қазақстан мұндай доданың финалына алғаш рет шыққан еді.