Бокстан Франция чемпионы Тарик Сахибеддин Мюнхеннен Парижге ұшып бара жатқан ұшақты басып алғысы келген адамды ұстап алды.

Белгісіз біреу пилоттардың кабинасы кіріп, лайнердің бағытын өзгертпек болған сәтте боксшы келіп қалған.

Сахибеддин қылмыскерді еденге құлатып, байлап тастады. Ал Париж әуежайында қылмыскер полиция қолына табысталды.