Дамир Тойбай америкалық боксшының жекпе-жегі Будапешт қаласында, жастар арасындағы чепионатта өтті.

Қазақстандық боксшы өзінің қарсыласын 1/8 финалда жеңді. Жекпе-жегтің басынан аяғына дейін Дамир Тойбай рингте белсенділік танытып, оны өз бақылауына алды. Ал раундтың аяқталуына екі минут қалғанда ол күшейе түсті. Қарсыласына үлкен соққылар жасады. Нәтижесінде, америкалық боксшы арақашықтықты сақтай алмай қалды. Рефери ол ары қарай жекпе-жегті жалғастыра алмайды деп шешті.

Дамир Тойбай техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Оның 1/4 финалдағы қарсыласы — венгрлік Компани Фехер. Екі боксшының кездесуі 27 тамызда өтеді