«Ақтөбе» командасының өзбекстандық шабуылшы Марат Бикмаев командадан кетті. Бұл туралы ойыншының өзі «vk.com» сайтындағы ресми парақшасында мәлім етті. 

«Маған қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Сендер болмасаңдар, чемпиондық атаққа жетпес едік. Қазіргі таңда емделіп жатырмын, жақын арада тағы бір ота жасалмақ. «Ақтөбе» командасының ойыншысы емеспін. Келісімшарт аяқталды. Жарақаттан айыққан соң, қайта оралатынама сенімдімін. 13-ші секторге үлкен рахмет!!! Көрісеміз мүмкін тағы!! Барлықтарыңызды сүйемін!! «Ақтөбе» чемпион!!», - деп жазды Бикмаев.