Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жанкүйері басына спортшының портретін салдырып, шаш үлгісін жасатты.

Бұл туралы Prosports.kz тілшісі Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Думан Ильясов есімді суретші төрт сағаттың ішінде досының басына Головкиннің порттетін салып, шаш үлгісін жасады. Ол Құрманғазы атындағы музыкалық колледжде білім алған. Жас жігіт Головкиннің портреті салынған шаш үлгісін Азамат есімді досына жасады. Спортшының портретін басына салдырған жігіт бала кезінен бокспен шұғылданған, сондай-ақ әлем чемпионы атанған GGG-ның жанкүйері.

«Мен суретшімін және сурет салғанды қатты жақсы көремін. Ғаламтордағы видеоларды қарап, осындай шаш үлгісін жасауды үйрендім. Бұл менің алғашқы жұмысым. Сондықтан, жұмысым ойдағыдай шықпауы мүмкін. Бірақ мен тырысып, ары қарай үйренетін боламын», – дейді Думан Ильясов.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық спортшы Сауль Альварес «Канеломен» жекпе-жекке шығып, чемпиондық белдеуін қорғайтын болады.