Алматылық «Қайрат» ФК қақпашысы Давид Лория жарақатынан емделді. 

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы «Қайсармен» (2:1) өткен жолдастық кездесуде алаңғы шықты. 

«Жарақатымнан айығып, алаңға жеңіспен қайта оралғаныма қуаныштымын!», - деп жазды Лория «Твиттердегі» ресми парақшасында.