Үш жыл бойы «Қайрат» сапында өнер көрсеткен Лео Сантана, жаңа командасы «Сибиряктың» сайтына алғашқы сұхбатын берді. - Лео, «Сибирякқа» қош келдіңіз. Бізге ауыстыңыз, сол туралы әңгімелеп берсеңіз...

- Үлкен рахмет. «Сибирякқа» ауысқаныма қуаныштымын. Негізі клубтың басшылығымен бұрыннан бері сөйлесіп жүргенбіз. Бірақ нақты ұсыныс «Қайратқа» тек осы жылы ғана жасалды. Команда мені жіберді. 

- Ұсыныс жайлы көп ойландыңыз ба?

- Ия, шешім қабылдауға көп уақыт керек болды. «Қайрат» УЕФА кубогың ұтқан сәтте, маған көп командадан ұсыныстар келе бастады. Бірақ соңында «Сибирякті» таңдадым. 

- «Сибирякқа» қарсы көп жолдастық кездесу өткіздіңіздер, команда туралы пікіріңіз қандай?

- Ресей Суперлигасының көп командасымен ойнадым. Ең тартысты ойындар «Сибирякқа» қарсы өтті. Бұл өте жылдам және техникалық тұрғыда мықты команда. 

- Жалпы карьераңызды қайда бастап едіңіз?

- Футзалмен кішінтайымнан айналаса бастадым. Кәсіпқой деңгейде Бразилияда ойнадым. Сосын «Қайратқа» ауыстым, енді міне Новосібірдемін. 

- «Қайратпен» көптеген жеңістерге жеттіңіз, УЕФА кубогының жеңімпазы атандыңыз. Командадан кету ауыр болды ма?

- Иә. Командадан кету мен үшін ауыр болды. Жеңіске де байланысты емес. Алматыны сүйіп қалдым, ол жақтың халқы да маған ыстық. Дегенмен, «Сибирякке» ауысқаныма өкінбеймін. Мұнда да бәрі жақсы болады деп сенемін.