Бүгін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы алматылық «Қайрат» пен петропавлдық «Қызыл-Жар СК» сапына жаңа ойыншылар келгенін хабарлады.

Дәлірек айтқанда, тәжірибелі қақпашы Давид Лория еркін агент ретінде алматылық клубтың сапына ауысты.

Ал «Қызыл-Жар СК» өз құрамына Бағдәулет Қожабаевты қосты.