«Лос-Анджелес» шабуылшысы Златан Ибрагимович мансабын әзір аяқтамайтынын айтты.

«Менің әлі де ойнап жүргенімнен ләззат алыңыздар. Мен футболды мүмкіндігімше ұзақ ойнауды жоспарлап жүрмін», - дейді Ибрагимович.

Естеріңізге салсақ, 36 жастағы форвард америкалық клубпен 2020 жылға дейін келісімшартқа отырған болатын.