Алматы қаласында өтіп жатқан студенттер арасында футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Қазақстандық футзалшылар ширек финалда Аргентина құрамасын 6:2 есебімен ұтты.

Еліміз студенттер құрамасы сапынан гол соққандар: Владислав Черномордов, Ұлан Жақсылықов, Біржан Оразов, Ерсұлтан Сағындықов, Арнольд Кнауб және Асылжан Алин.

Қазақстан құрамасы жартылай финалда Португалия футзалшыларымен кездеседі.